"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
1418
call
центр

ҚОР ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы («БЖЗҚ» АО) 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғамы негізінде құрылды.

010.png Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы «БЖЗҚ» АҚ-ның құрылтайшысы әрі акционері болып табылады.

010.png «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерін басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады.

010.png 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша шығарылған және айналымдағы «БЖЗҚ» АҚ жарғылық капиталы жалпы сомасы 7 114 244 мың теңгеге 9489 248 орналастырылған жай акциялардан құрылған. «БЖЗҚ» АҚ-да орналастырылмаған акциялар жоқ.«БЖЗҚ» АҚ Жарғысына сай жай акция Жалғыз акционерге «БЖЗҚ» АҚ Жалғыз акционерінің қарауына шығарылатын шешімдерді қабылдауға құқық береді. «БЖЗҚ» АҚ Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады, оған акциялардың 100 %-ы тиесілі.

010.png «БЖЗҚ» АҚ-ның  01.01.2023 ж. штаттық саны 1 495 бірлікті құрайды.


Қызметтер

008.png 008.png

БЖЗҚ миссиясы


Зейнетақы жинақтарын сенімді есепке алу және әрбір салымшыға қолжетімді, сапалы зейнетақы қызметтерін көрсету 


БЖЗҚ танымы


Жинақтаушы зейнетақыны қалыптастыру мен жоспарлаудың дербес тәсілімен жоғары технологиялық қаржы институты 


БЖЗҚ құндылықтары


Адамды және тұтынушыны бағдар тұту 

Қор үшін өзіне тән даралығымен адам бірінші кезекте. БЖЗҚ клиенттерінің мүддесі аса маңызды, Қор зейнетақы қызметтерінің қолжетімді, түсінікті, уақытылы, тұтынушылардың қазіргі және келешектегі қажеттіліктеріне сай болуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды. 

Сапаға бейімділік 

белгіленген сапа стандарттарын сақтайтын Қор мақсаттары мен құндылықтарын бөлісетін кәсіпқойлар командасының үйлестірілген жұмысы.

Технологиялылық 

Қор өз қызметінде заманауи технологияларды қолданады, Қор қызметкерлерінің құрамы үнемі ізденіс үстінде және уақыт талғамы мен талабына дайын болу үшін жаңа білім мен дағдылар қолданады. 

Сенімділік 

Қор корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын сақтауды мақсат тұтады, өз қызметін қатаң түрде Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған аяда жүзеге асырады.

Жауапкершілік 

БЖЗҚ басшылығы мен қызметкерлері салымшылар және зейнетақы жинақтарын алушылар алдында Қор қызметін үнемі жетілдіріп отыруға, ресурстарды үнемді әрі ұтымды пайдалануға жауапты.

Ашықтық 

Қор жұртшылықпен қарым-қатынас жасау үшін ашық, зейнетақы жинақтарының жай-күйі мен өзінің ағымдағы қаржылық жағдайы жайлы мəліметтерді ашық ақпарат көздерінде әрдайым жариялап отырады.  


Стратегиялық мақсаттар мен міндеттер


Үздік әлемдік тәжірибені ескеріп зейнетақы қызметтерін көрсету мен әрбір қатысушымен қарым-қатынас жасаудың дербес тәсілі 

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша жұртшылықпен және БЖЗҚ контрсеріктестерімен тиімді қарым-қатынас жасау 

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және заңнаманы іске асыру 


2022-2026 жылдарға «БЖЗҚ» АҚ-ның корпоративтік даму стратегиясы


2022-2026 жылдарға «БЖЗҚ» АҚ-ның корпоративтік даму стратегиясы 2022-2026 жылдарға «БЖЗҚ» АҚ-ның корпоративтік даму стратегиясы